Өзен жағасындағы ауылда ұлы мен келіні және жалғызнемересі бар кейуана Әйімқан тұрады.Отбасының жалғыз кіріс көзі – Әйімқанның зейнетақысы.Келіні жұмысты желеу етіп, отбасын тастап қалашыққа кетпекші…
Картинада күрделі әлеуметтік-психологиялық мәселелер, адам жанының қараңғы тұстары көтеріледі.
Рухани азғындаған ұрпағына қылар қайраны жоқ ана шарасыздығы, кейуананың мақсат-мұратынан жаңылған ұлы мен келіні және болашағы бұлыңғыр екі немересінің тағдыры. Кейуана ұрпағы үшін қолынан келгенше күреседі. Ал ұлы мен келіні болса, ондай түйсіктен ада, олар өз төлінен жеріген кежірлер, яғни Мөңке бидің “Кер заман” толғауында келген: «Ішіне шынтақ айналмайтын Ежірей мен қуыс кеуде Кекірейлері яғни сары шырмауық сынды тамырсыз өнген арамсояулар.
Режиссёр:
Азамат Шарғынов
Продюсер:
Сантыбаев Ардагер
Сценарий:
Азамат Шарғынов
Компания:
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы