Басты кейіпкер Асанов, әйелі қайтыс болғаннан кейін теңіз жағасында жалғыз өзі тыныш та жайбарақат өмір сүріп жатқан қарт кісі. Оның бір ғана әуестігі – түнде теңізде жүзу. Ол бұл әдетінен қымсынғандықтан, тек түнде ғана суға түседі, өйткені өзінің күш-қуатынан қысылатындай көрінетін. Алайда бір түні күтпеген оқиғаға тап болып, қарттың өмірі түбегейлі өзгереді. Ол өзін-өзі өлтірмек болған бойжеткенді құтқарып қалады. Осы сәттен бастап, Асановтың бірсарынды өмірінде ерекше жайттар орын алып, түрлі сезімдерді бастан өткереді. Қарт пен қыздың өмірі жаңа арнаға бет бұрып, ал олардың Махаббаты рухани тазарудың символына айналады.
Режиссёр:
Адыл Мерекенов
Продюсер:
Тасболат Мерекенов, Біржан Әбубәкір
Сценарий:
Азат Хакимов
Компания:
«Медетфильм»