АТАМЕКЕН
Қазақтың кең алқап даласында, кешегі ядролық сынақ полигоны аймағында, өмір сүруге қолайсыз радиоактивті жерлерді анықтау мақсатында екі эколог ғалым өз зерттеулерін жүргізуде. Осы жерлерге жақын өмір сүріп келген сынақ полигонының куәгері өзінің естеліктерін жазуда. Оның баласы ауру қызының өмірі үшін күресуде. Үш буынды қамтитын бір отбасының жеке тағдырын көрсету арқылы фильм ортақ тарихымыз бен тығырыққа тірелген адамзат тағдыры жайында ой салады.
Бұл фильмдегі қазақ даласы жер шарымыздың метафорасы іспетті - әсіресе қазір ол орасан зор ядролық полигонға айналу қаупі алдында тұр.
Режиссёр:
Жанана Курмашева
Продюсер:
Бану Рамазанова
Сценарий:
Жанана Курмашева
Компания:
ИП Plan B